Тарих • 07 Ақпан, 2022

Алтын бүрмелі бұйым

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихи музейінде сақ дә­уірі­не жататын алтын бүр­мелі бұйым сақталған. Бұл − жәдігер Қараторғай өзенінің бойындағы Жаңа­қала ауылынан табылды.

Алтын бүрмелі бұйым

Зерттеушілер құнды жәді­герді біздің заманымызға дейінгі 500-600 жылдарға жататын сақ дәуірінің мұрасы дейді. Сақ дә­уірінде қолданбалы өнер жа­қсы дамып, әсіресе алтын бұйым­дарды зергерлік ісіне пайдалану кең етек алған.

Жәдігердің сипаты мен жасалу ерекшелігіне қарай оны «Бүрмелі алтын сырға немесе сақина» деп атауға болады. Сыр­ғаның салпыншақ бөлігінде құмыра пішіндес 20 ұсақ бүршік бүрмеленген. Бір қарағанда, бұл бүрмелер бидай дәніне ұқ­сайды. Жәдігердің салмағы – 20 грамм, таза алтыннан жасалған, шеңберінің диаметрі – 2,9 см, ені – 8 мм, бұйымның негізгі биіктігі – 5,4 см, құмыраға ұқ­сас бүр­шіктердің биіктігі – 9 мм, оның диаметрі – 6-6,1 мм, құмы­ра аузының биіктігі – 1 мм, диа­метрі – 2,5 мм.

Алтын бұйымды мұражай қорына меценат Сапар Ысқақұлы жасақтаған экспедиция мүшелері мен елордадағы Ұлттық музей жанынан құрылған «Халық қа­зынасы» ғылыми-зерттеу инс­титутының басшысы Ахан Оң­ғар­ұлы тапсырған.