Аймақтар • 07 Ақпан, 2022

Аңсаған әлем чемпионатына қатысады

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйел­дер арасында өткен ел чемпионатында Қарағанды облы­сы­ның намысын қорғаған Аңсаған Қожанәсіп толайым табысқа қол жеткізді. Ол турнирдің алтын жүлдесімен бірге әлем чемпионатына жолдаманы да жеңіп алды.

Аңсаған әлем чемпионатына қатысады

Аталған жарысқа елор­да, Алматы және Шым­кент қалаларынан, сон­дай-ақ елі­міздің 11 облысы­нан бар­лығы 104 тоғыз­құма­лақшы қа­тысып, бақ сынады.

Қарағандылық тоғызқұма­лақшы қыз жеті күнге со­зыл­ған додада Әсел Дә­лиева, Гүлжанат Ал­да­бергенова, Лина Кәрі­мова сынды мықты қарсы­лас­та­рын артқа тастап, тур­нир­дің алтын медаліне иелік етті.

Қазақстанның су жаңа чемпионы Аңсаған Қо­жа­­нәсіп халықаралық ареналардағы додаларда да тамаша нәти­желер көрсетіп жүрген шебер. Мысалы, ол былтырғы жел­тоқсан айында өткен Азия чемпионатында блиц бойынша өткен жарыста топ жарған болатын. Ал оның бауыры Асылхан Қожанәсіп болса, сол турнирде рапид сыны бойынша күміс жүлде иегері атанды.

Еске салар болсақ, Азия чем­пионатында Ресей, Түр­кия, Қытай, Моңғолия, Ауған­­стан, Түрікменстан, Үн­­діс­­тан, Қазақстан  және тағы басқа елдерден 180-нен ас­­там тоғызқұмалақшы күш сы­нас­қан-тұғын.

Жалпы, Қарағанды облысында соңғы жылдары Ұлт­тық спорт қарқынды түр­де дамып келеді. Ал то­ғыз­­­құ­ма­лаққа келсек, қа­зір­гі уа­қытта спорттың бұл тү­рімен 15 мың­ға жуық адам ай­­на­лысып жүр.

 

Қарағанды облысы