Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ақпарат таратуда.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», деп жазылған хабарламада.
Арнайы қызмет сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейтінін мәлімдеген.
Айта кетелік, Дәулет Ерғожин ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болып 2016 жылдың 21 қарашасында тағайындалған.