«Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды», деп жазылған хабарламада.
Ол бүгінгі тағайындауға дейін ҚР МҚІА Стратегиялық әзірлемелер және Халықаралық бағдарламалар департаментінің директоры болып жұмыс істеген.
Мемлекеттік басқару саласында 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде, ғылыми-зерттеу институтында, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамыту институтында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды филиалында еңбек еткен.