Аталған қашықтықты қазақстандық конькиші Надежда Морозова 1:56:85 уақытта жүгіріп өтті. Алайда, бұл көрсеткіш оны жүлдегерлер қатарынан көруге аздық етті.
1 500 метр қашықтықта ел намысын Морозовадан бөлек, Екатерина Айдова да қорғаған болатын. Өкінішке қарай екеуі де жүлделі орындардан тыс қалды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Морозова әйелдер арасында 3000 метр қашықтықты 4:04.97 уақытта жүгіріп өткен еді. Нәтижесінде отандасымыз жарысқа шыққан 30 спортшы арасынан 13-ші орыннан көрінді.