Елорда • 07 Ақпан, 2022

Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк құрылады

4238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы Үлкен және Кіші Талдыкөл көлінде экопарк құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк құрылады

«Ол үшін 1 млрд теңге көлемінде қаржыландыру бөлінді. Осылайша, Кіші Талдыкөлдегі су балансын сақтай отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Кіші Талдыкөлдегі экопарк жобасы (Е-10 көшесі, «Зеленый квартал» ТК қарама-қарсы) су қоймасын абаттандыруды қарастырады: су қоймасының бойында судың табиғи сүзілуін және қажетті экожүйені құруға мүмкіндік беретін тас жағалау болады. Сондай-ақ, су деңгейін қамтамасыз ету және оттегімен біркелкі қанықтыру үшін биодренаждық жүйені ұйымдастыру және су қоймасын аэрациялау қарастырылған», делінген қалалық әкімдіктің Instagram парақшасында жарияланған хабарламада.

ұ

Сонымен қатар, экопаркта серуендеу инфрақұрылымы пайда болады: жағалаудағы сулы-батпақты жерлерде террассалық жағалау сақталады және флора мен фаунасы бар экоклимат үшін жағдай жасалады.

Әкімдіктің мәліметінше, Талдықөлдің өзінде өзінің экологиялық инфрақұрылымы болады. Үлкен Талдыкөл көлінің жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк пайда болады.

Урбанистика орталығының базасында, сондай-ақ Есіл ауданының әкімдігінде сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының және қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшылары Кіші Талдыкөлдің мәселесі бойынша экобелсенділермен, экологтармен және белсенді тұрғындармен бірнеше рет кездесулер өткізді.

ш