Аймақтар • 07 Ақпан, 2022

СҚО-да жасөспірімге оқ атылды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласының 14 жастағы тұрғыны оқ жарақатымен облыстық балалар ауруханасына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да жасөспірімге оқ атылды

ҚР ІІМ ақпараттық медиа-порталында хабарланғандай, алдын ала тергеу барысында жасөспірім өзінің 18 жасар туысымен қаруды абайсызда ұстау салдарынан жарақат алғаны анықталды.

«Олар Қызылжар ауданы Пресновка ауылының жанындағы орманға қарай аттанып, аң аулауға тырысты. Оқиға орнында тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді», делінген хабарламада.

Аталған факті ҚР ҚК 114-бабының 3-бөлігі «Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Сондай-ақ, қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданатын болады.