Оқиға • 07 Ақпан, 2022

«Дикий» Арман бастаған топ 24 адамды мәжбүрлеп ұстаған

990 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұртшылыққа «Дикий Арман» деген лақап атымен әйгілі болған Арман Жұмагелдиевтің командасы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап әкетіп, күштеп ұстағаны белгілі болды. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дикий» Арман бастаған топ 24 адамды мәжбүрлеп ұстаған

Арнайы прокурорлар қызметі басшысының сөзіне зер салсақ, қазіргі кезге дейін қылмыстық топтың 18 мүшесі құрықталған, 21 адамның адам өлтіру, ұрлық, тонау бойынша соттылығы бар екен.

«Ол санатта «Дикий Арман» деген лақап атымен танымал болған Арман Жұмагелдиев пен оның тобының мүшелері де бар.

Қару ұстаған оның адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғындардың арасынан 24 азаматты ұрлап, күштеп ұстағаны анықталды. Азаматтарды бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соққан, салдарынан бір адам көз жұмған. Бұдан бөлек, қарақшылар 12-ші қалалық ауруханада қатты соққыға жығылған полицейдің қызметтік қаруын алып кеткен», деді Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол аталған факт бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын жеткізді.

«Әлеуметтік желілерде Жұмагелдиев босатылды немесе белгісіз жаққа жеткізілді деген түрлі болжамдар мен жалған ақпараттар тарады. Іс қосымша тергеу үшін арнайы прокурорларға жіберілді. Біз оны ҰҚК уақытша ұстау изоляторына ауыстырдық. Ол сонда қамауда отыр», деді Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы.