Қысқы спорт • 08 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: 8 ақпанда кімдер жарысқа шығады?

1 мин
оқу үшін

Бүгін, 8 ақпанда Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстанның тоғыз спортшысы жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжің-2022: 8 ақпанда кімдер жарысқа шығады?

Фото: ҚР ХОК, Владислав Семенов

Шаңғышылар еркін стильдегі жекелей спринтке қатысады. Әйелдер арасында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Ирина Быкова сынға түседі. Qazaqstan телеарнасы жарысты тікелей эфирде сағат 13:50-де көрсетеді.

Ал қазақстандық екі биатлоншы Александр Мухин мен Владислав Киреев жекелей жарысқа қатысады. Биатлон сағат 14:20-ға жоспарланған. Тікелей эфир «Хабар» арнасында.

Сағат 14:50-де ерлер арасында спринттен іріктеу басталады. Оған Қазақстан атынан Евгений Величко мен Виталий Пухкало қатысады. Тікелей эфир Qazsport арнасында.

Сағат 16:25-те конькиден жарыс басталады. Ерлер арасында Дмитрий Морозов 1500 метр қашыққа финалда өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Уылжыған іңкәр сезім

Тұлға • Бүгін, 08:35

Мұхит баба ізімен

Тағзым • Бүгін, 08:25

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:50

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30