Аймақтар • 08 Ақпан, 2022

ШҚО-да 70 шенеунік сотталды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 70 мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да 70 шенеунік сотталды

Облыс сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 70 мемлекеттік қызметкерге қатысты тергеу жүргізілді. Олардың қатарында әкімдікте, құқық қорғау органдарында, білім басқармасында және басқа да салаларда жұмыс істейтін шенеуніктер бар.

Сот шешімі бойынша 12 адамға айыппұл салынып, 57 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алынды.

«58 адам бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жазаға тартылды. Айыппұл жазасы күзетшілерге, түрлі операторларға, ветеринарлық бақылау мамандарына қолданылған. Өндіріп алудың ең ірі сомасы 6 миллион теңгені құрады», деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Чакпантаев.