21 Наурыз, 2014

Бейжіңдегі Абай ескерткіші

595 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қытай астанасында қазақтың ұлы ақыны, философы әрі ойшылы Абай Құнанбаевқа ескерткіш ашылды. В Пекине открыли памятник Абаю Бейжіңдегі «Чаоян» саябағында орнатылды. Оның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қытайға жасаған сапары барысында қатысты. Осы жиында ол Қазақстанның Қытайдағы елшілігіне халқы­мыздың ұлы ақыны Абайдың ескерткішін орнату туралы ұсыныс айтқаны үшін мүсін авторы Юань Сикуньға алғыс білдірді. Содан кейін Е.Ыдырысов бұл ескерткіштің ашылуы екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасы мен мәдени-гуманитарлық ынты­мақтастығының дамып келе жат­қанының белгісі екендігін атап өтті. Салтанатты шараға ескерт­кіштің авторы, мүсінші Юань Сикунь де қатысып, сөз сөйледі. Ол Бейжіңде Абай ескерткішін орнатуды бұрыннан бері ойластырып жүргенін, өйткені, қазақтың ұлы ақынының шығармашылығына қытай халқы қызығушылық танытып келе жатқанын айтып, енді Абай мүсіні Қытай астанасында мәңгі қалып, екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты дамытуға септігін тигізетін ескерткіш болатынын атап көрсетті. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстанның Қытайдағы дипломатиялық корпусының, қазақ диаспорасының өкілдері, қытай суретшілері мен ақындары қатысты. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».