Үкімет • 08 Ақпан, 2022

Үкімет басшысы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жоспарларымен бөлісті

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында діни экстремизмнің алдын алу және оған қарсы тұру үшін қандай жұмыстар жүргізілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жоспарларымен бөлісті

«Дін және этносаралық қатынастар саласында интернет-кеңістікте, әсіресе жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасады», деді Әлихан Смайылов.

Атап айтқанда, тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу жөніндегі шаралар кешені іске асырылатын болады. Мемлекеттік тілді үйренуді және патриотизмге тәрбиелеуді танымал ету мақсатында ағартушылық және әлеуметтік жобалар әзірленеді.

«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ашықтық деңгейін арттыру үшін олардың БАҚ-пен жұмысын бағалаудың жаңа критерийлері енгізіледі», деді Әлихан Смайылов.