Қазақстан • 08 Ақпан, 2022

Мемлекет басшысы: Үкіметтің арнайы комиссиясын Маңғыстау облысына жіберу керек

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыстағы кәсіпорындардың жұмысшыларының наразылығы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы: Үкіметтің арнайы комиссиясын Маңғыстау облысына жіберу керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы ахуал оңай емесін айтты.

– Менің тапсырмама сәйкес, өңірді кешенді дамытуға қатысты жоспар қабылданды. Бұл құжат биыл тағы да пысықталды. Оған сәйкес қомақты қаражат бөлінді. Ол бірінші кезектегі міндеттерді шешуге жұмсалады. Сондықтан істі созбай, дереу жұмысқа кірісу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент қабылданған шараларға қарамастан еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп келе жатқанын жеткізді.

– Жұмысшылардың барлық талабын мұқият қарау керек. Олардың заңды құқықтары мен мүдделері сақталуы керек. Кәсіподақ жетекшілері мен жұмысшылары шеруге шығып жатқан компания иелеріне сындарлы диалог орнату қажет. Қабылданған шешімдердің барлығын қарапайым жұмысшыдарға дұрыс түсіндіру керек. Проблемамен айналысуды әкімдікке жүктеп қоюға болмайды. Оларды қолдап, туындаған мәселелерді бірлесе қараған жөн. Проблемаларды шешу үшін Үкімет мен «Самұрық-қазына» бірлесе жұмыс істеуі керек. Қажет болса, Үкіметтің арнайы комиссиясын Маңғыстау облысына жіберу керек, – деді Мемлекет басшысы.