Сенаторлар осындай талап қойып отыр
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның кешегі кезекті жалпы отырысында әріптестерін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады. «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Сіздерге табыс тілеймін, аманшылық болсын!», деді Қ.Тоқаев өз сөзінде. Жалпы, Сенат кеше алты мәселені қарап, талқыға салды. Күн тәртібінде бірінші тұрған Қазақстан мен Вьетнам арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялауға құрылған заң жобасы бойынша баяндаманы Әділет министрі Берік Имашев жасады. Баяндамашының сөзіне қарағанда, Келісім құқықтық көмек көрсетудің шарттары мен тәртібін, сондай-ақ, оны ұсыну мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайларды реттейді. Өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініш оны алған күннен бастап тоқсан күн ішінде орындалады. Сонымен қатар, Келісімде өтінішті орындауды кейінге қалдыру да қарастырылған және де қарсы жақты хабардар ету үшін отыз күн беріледі. Осындай келісімдер Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Корея, Пәкстан, Грузия, Үндістан, БАӘ, Түрікменстан, Моңғолия, Әзербайжан, Литва және Түркия сияқты 13 елмен жасалған. Заң жобасы бойынша пікір білдірген сенатор Орынбай Рахманбердиев халықаралық заңдық құжаттың ағылшын, орыс және вьетнам тілдерінде әзірленгендігін, келешекте мемлекеттік тілде жазылуы тиістігін орынды атап кетті. Мұндай уәжбен Сенат Төрағасы да келісті. Сөйтіп, заңдық құжат қабылданды. Бұдан кейін қаралған «Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенцияны (26-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасы да депутаттар тарапынан қолдау тапты. Халықаралық еңбек ұйымы БҰҰ-ның Еңбек қатынастарын реттеумен айналысатын мамандандырылған мекемесі болып табылады. Ұйымға мүше елдер ХЕҰ конвенцияларын орындауға міндеттеме қабылдай отырып, тиісті жағдайлардың жасалуына орай ратификациялайды. Қазіргі кезде бұл ұйымға 185 ел мүше болып кірген. Еліміз бұл ұйымға 1993 жылы кіріп, оның 21 конвенциясын ратификациядан өткізіпті. Конвенцияның мақсаты ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімінің имплементациясы жөніндегі міндеттемелерді мемлекетке бекітіп беру болып табылады. Оның ережелері өнеркәсіптің белгілі бір салаларында немесе секторларында жұмыс істейтін еңбекшілерге қолданылады. Елдердің кәсіпкерлер мен еңбекшілерді қолданыстағы ең төменгі мөлшерлемелер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және жалақының осы мөлшерлемеден төмен болмауы үшін бақылау жүйесі мен санкциялар түрінде қажетті шаралар қолдануға тиіс. Аталған құжатта неғұрлым төменгі мөлшерлемелер бойынша жалақы алған еңбекшілердің өздеріне толық төленбеген соманы сот тәртібімен немесе өзге де заңды рәсім арқылы алу құқықтары айқындалған. Еңбеккерлердің жалақысына қатысты білдірген пікірінде сенатор Қожахмет Баймаханов мұнай компанияларын мысалға келтірді. Депутат бұл ретте Қызылорда облысындағы бір компанияда қытайлық азаматқа техникалық қауіпсіздік саласындағы жұмысы үшін 5 мың АҚШ доллары төленіп келсе, артынша сол қызметке Қазақстан азаматы алынғанда оған 500 мың теңге төленгенін алға тартты. Сондай-ақ, Қызылорда мен Атырау облыстарындағы компаниялардың бұрғышылары әртүрлі жалақы алып келе жатқандығына да назар аудартты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың жауабына қарағанда, әрбір жұмыс беруші өз еңбекақы жүйесін құрады, ал мемлекет ең төменгі жалақы деңгейін белгілеп береді. Министр бұл ретте өткен жылы бірдей жұмысы үшін әртүрлі еңбекақы төленіп келген 130 факт анықталғандығын, соңғы кезде жұмыс берушілерге деген талаптың күшейтілгендігін, жалпы Мәжілісте қаралып жатқан «Кәсіподақтар туралы» заң жобасында мұның барлығы ескерілетінін алға тартты. Осы мәселе бойынша сөз алған депутаттар да еңбекақы мәселесіне ерекше назар аударуға тырысты. Әсіресе, бірдей жұмыс үшін әртүрлі жалақы төлеу фактілерінің әлі де кездесіп қалатынына қынжылыстарын білдірді. Жалақыда бөле-жару болмауға тиістігі ерекше аталды. Сондай-ақ, кешегі отырыста «Жалақыны қорғау туралы конвенцияны (95-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасы да қабылданды. Конвенцияның негізгі мақсаты жалақыны қорғау нормаларын мемлекеттің қамтамасыз етуі болып табылады. Және де жалақыны қорғау бөлігінде халықаралық стандарттарды одан әрі енгізуді қамтамасыз етеді және еліміздің осы саладағы халықаралық нормалардың сақталуы мен орындалуын ұстанатынын растайды. Жалақыдан ұстап қалу жұмыскердің өзін және өзінің отбасын асырай алатындай болуына ғана негізделмей, сонымен шектелуге тиіс деп атап көрсетілген. Аталған құжатта еңбекшінің жалақы сомасы мен жалақыны ұстап қалу туралы ақпаратты алу, сондай-ақ, жалақысын өз еркімен пайдалану құқығы да айқындалған. Заң жобасы бірауыздан қолдау тапты. Депутаттар бұдан басқа «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасын талқыға салып, қолдауды ұйғарды. Ал оған ілеспе заңдық құжат екі оқылымда қаралып, қабылданды. Бұл жердегі негізгі мақсат – еліміздің барлық аумағында азаматтық қорғауды ұйымдастыру мәселелері бойынша бірыңғай құқықтық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және әдістемелік кеңістік қалыптастыру. Алғаш рет заң жобасында азаматтық қорғауды аумақтық-салалық ұйымдастыру қағидаты қолданылып отырғандығын да айта кеткен жөн. Төтенше жағдайлар жергілікті, өңірлік, салалық деңгейдегі сипатта болатыны ескеріліп, қатыстырылатын күштер де төтенше жағдайға барабар болуға тиістігі көрсетілген. Халықты төтенше жағдайдан құлақтандыру, жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдайларды жоюдағы жауапкершілігі де ұмыт қалмаған. Күн тәртібінің соңғы мәселесі Ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда бірқатар түзетулерімен Мәжіліске қайтарылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 21:04
Ғылымға негізделген саясат: Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарында
Ғылым • Бүгін, 20:47
Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар?
Спорт • Бүгін, 20:34
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13