Қысқы спорт • 08 Ақпан, 2022

Бейжің Олимпиадасында Абайдың әні шырқалды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжіңде өтіп жатқан Олимпия ойындарында Абайдың «Айттым сәлем, қаламқасы» шырқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжің Олимпиадасында Абайдың әні шырқалды

Нақтырақ айтсақ, мәнерлеп сырғанаудан латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильев қысқа бағдарламада қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Айттым сәлем, қаламқас» әнімен өнер көрсетті.

Қазақ ақынының әнімен мұз айдынында қалықтаған Васильев қысқа бағдарлама сайысында 85,30 ұпай еншілеп, әзірге 7-ші орында келеді. Енді ол 10 ақпанда еркін бағдарламада сынға түседі.

Денис Васильев осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2018 жылы бірінші рет Пхенчхан Олимпиадасына қатысқан болатын. Онда ол жарысты 19-орынмен аяқтаған. Бейжің – оның екінші Олимпиадасы.

Әзірге спортшының не үшін Абайдың «Айттым сәлем, қаламқас» әнін таңдағаны белгісіз.