Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бүгінде отандық бизнес құрылымындағы шағын компаниялар үлесі 90 пайыздан астам екенін айтты.
«Палатаны («Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы) реформалау кезінде оның функцияларын әсіресе шағын бизнесті қолдауға, қорғауға және дамытуға бағыттау керек. Сонымен қатар, шағын бизнесті міндетті мүшелік жарналардан босату керек. Бұл айтпаса да түсінікті», деді Президент.