Қысқы спорт • 08 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Қазақстандық шаңғышылар іріктеу сыннан өте алмады

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада шаңғыдан әйелдер арасындағы спринттен іріктеу сыны аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжің-2022: Қазақстандық шаңғышылар іріктеу сыннан өте алмады

Өкінішке қарай қазақстандық шаңғышылар спринт жарысында іріктеуден өте алған жоқ. Жарыстың ережесіне сәйкес, ширек финалға жолдама алу үшін спортшылар алғашқы 30 шаңғышының қатарына енуі керек болатын.

Бірақ, қазақстандықтар сапынан ең жоғары нәтижені Надежда Степашкина тіркеді. Ол мәре сызығын 51-ші болып кесіп өтті. Ал өзге шаңғышыларымыздан Ангелина Шурыга 60-орын, Ксения Шалыгина 67-орын, Ирина Быкова 68-орынмен іріктеу сынын аяқтады.

Енді шамалы уақыттан кейін ерлер арасындағы іріктеу сыны басталады.

Онда қазақстандық Евгений Величко мен Виталий Пухкало өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Бейжің қаласындағы 2022 жылғы қысқы Олимпиадада спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ақ Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 85 жолдама бойынша ел намысын қорғап жатыр.