Кәсіпқой бокс • 08 Ақпан, 2022

Сарапшы Қанат Исламның кәсіби мансабына күмәнмен қарайды

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«неКАРАтэ» спорттық ютуб-арнасының жетекшісі қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның кәсіби мансабына күмәнмен қарайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Сарапшы Қанат Исламның кәсіби мансабына күмәнмен қарайды

Арнаның жазылушыларының бірі авторға қазақстандық боксшы Қанат Исламның болашағы туралы сауал қойған. Оған лезде жауап берген арнаның авторы: «Қанат Ислам – жасы келген боксшы. Ол туралы тақырыпты жауып тастауға болады. Жаман боксшы емес. Алайда адам өз жасымен ештеңе істей алмайды. Оның үстіне ол мықты қарсыластармен кездескен емес», деп жауап берді.