Жекпе-жек • 08 Ақпан, 2022

Шавқат келесі кездесуінен кейін үздік ондыққа кіруі ықтимал

622 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді ұйым UFC-де жасындай жарқырап, қатарынан үш кездесуде жеңіске жеткен отандасымыз Шавқат Рахмонов енді бір шайқастан кейін жартылай орта салмақта үздік ондыққа кіруі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шавқат келесі кездесуінен кейін үздік ондыққа кіруі ықтимал

Жаңартылған рейтингте қазақстандық спортшы жартылай орта салмақ дәрежесінде үздік он бестікке енген болатын. Соңғы деректерге сенсек, қазақ оғланы келесі кездесуінде рейтингте 12 орынға орныққан АҚШ спортшысы Джефф Нилге қарсы октагонға шығуы мүмкін. Америкалық спортшыдан айласын асырса Шавқат үздік ондықтың қатарынан көрінетіні даусыз.

4654645

Отандасымыз өзінің рейтингте үздіктер қатарына іліккені туралы ақпаратты инстаграмдағы парақшасында бөлісіп: «Иншалла, келесі қадамдар жаңа биіктерге бастайтын болады», деген жазба қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, жартылай орта салмақта Камару Усман әлем чемпионы екені мәлім. Шавқаттың мақсаты – болашақта өз салмағының үздігі атану.