Әлем • 08 Ақпан, 2022

Жаңа Зеландия халқы карантиндік шектеулерге наразылық білдірді

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа Зеландияда міндетті екпе мен бетперде киюге қарсы наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа Зеландия халқы карантиндік шектеулерге наразылық білдірді

Ел астанасы Веллингтондағы наразылық білдірушілер бірнеше сағат бойы парламент ғимаратына апаратын көшелерді жауып тастады. 

Осыдан кейін шерушілер парламент ғимаратының алдына жиналды. 

Наразылық білдірушілер мұғалімдерге, дәрігерлерге, медбикелерге, полиция мен әскерилерге міндетті түрде коронавирусқа қарсы екпе салуға қарсы. 

Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джакинда Ардерн демонстранттармен кездесуден бас тартты. 

Полицейлер елорда жолдарынан жеңіл және жүк көліктерін шығару үшін акцияға қатысушыларға сағат 17:00-ге дейін уақыт берген.