Қаржы • 09 Ақпан, 2022

Мемлекеттік сыйлықақы түсті

399 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Отбасы банкінің 1 716 431 клиентінің шотына мемлекеттік сыйлықақы түсті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша депозиттерге барлығы 61,7 млрд теңге аударылды.

Мемлекеттік сыйлықақы түсті

116 680 теңге көлеміндегі мемле­кет­тік сыйлықақының ең жоғары мөл­шеріне Отбасы банкінің 382 406 са­лым­шысы ие болды. 2021 жылы олар­дың әрқайсысы өз есепшот­тарында кемі 583 400 теңге немесе 200 айлық есептік көрсеткіш көле­міндегі соманы жинақтаған. Депо­зит­терінде одан да көп қаражат жина­ған клиенттер сыйлықақы беріл­меген жинақ бөлігі бойынша мем­ле­кеттік сыйлықақыны 2022 жыл­дың қорытындысы бойынша алады.

– Өткен жылы 601 367 қазақ­стан­дық алғашқы жарна жинап, қол­жетімді шарттармен баспана сатып алу үшін Отбасы банкінде жа­ңа депозит аш­ты. Бұл – рекордтық көр­сеткіш. Оған бір­жолғы зейнетақы төлем­дерін жинақ шоттарына аудару мүм­кіндігі де сеп болды. Жел­тоқ­сан айының 15 күнінде бұл мүм­кін­дікті 34 мыңнан астам адам қол­данды. Олар өз депозиттеріне 55 млрд теңге аударып, оған қоса үсті­н­ен мемлекеттік сыйлықақы алып, баспаналы боламын деген мақсат­тарына бір табан жақындай түсті, – дейді «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Мемлекеттік бонус болашақ­та жылдық 5 пайыздық мөлшерле­ме­мен тұрғын үй заемын алу үшін депозит бойынша жинақтау мерзі­мін қысқартуға көмектеседі. Мемлекет­тік сыйлықақы мен банк сыйақысы бірігіп, Отбасы банк депозиттерін нарықтағы ең тиімді салымдардың біріне айналдырады. Өйткені олар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 14 пайызға жетуі мүмкін. Статистикаға сүйенсек, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларының тұрғындары От­басы банкінде қаражат жинақ­таудың бұл артықшылығын жоғары бағалайды. Себебі аталған қалалар ең үлкен депозиттік портфельге ие.

Жылдың қорытындысы бо­йынша ең жоғары мемлекеттік сый­лықақы 122 520 теңгеге тең. Оған қол жеткізу үшін Отбасы банкін­дегі шотқа кемінде 612 600 теңге (200 АЕК) жинақтау қажет.

Егер салымшының банкте бірнеше депо­зиті болса, онда мемлекет сый­лық­ақысы солардың біреуіне ғана есеп­теледі. Сондықтан жыл сайын кө­бі­рек сома жинауды жоспарлап отыр­ған салымшылар максималды кірісті сақтау үшін отбасы мүшелерінің атына жеке-жеке депозит ашып, жарналарды бір­келкі аударып отыра алады. Со­нда олардың әрқайсысына мем­ле­кет­тік сыйлықақы есептелетін бо­ла­ды. Ал тұрғын үй құнының 50 пайы­­зы жиналып, тұрғын үй заемын алу уақыты келгенде (тұрғын үй зае­мы бойынша мөлшерлеме 3,5-5 па­­йыз), шоттарды біріктіріп, үй немесе пәтер сатып алуға болады. Бұл мүм­­кіндік «Отбасылық пакет» деп аталады.

Еске сала кетейік, салымшы депозитте 3 жылдан аз уақыт аралы­ғын­да қаражат жинап, оның шартын мер­зімінен бұрын бұзған жағдайда мем­лекеттік сыйлықақы бюджетке қай­тарылады.