Ол меценат мерейлі ісін жалғастыра бермек
Жесірін жатқа бермеген, жетімін жылатпаған қазақы қасиет бүгінгідей қатыгездігі басымдау қоғамда керек-ақ. Осындай имандылық қадамдарына кәсіпкерлердің ұйытқы болуы да қуантады. Жақында Ақтөбе облысы кәсіпкерлері аймақтық кеңесінің төрағасы, «Алтын қыран» ЖШС директоры Исламбек Салжанов ірі компаниялар басшыларымен, кәсіпкерлермен кездесу барысында «Аналар үйі» әлеуметтік жобасының тұсауын кесті. Оның бастамашысы – белгілі бизнесмен Айдын Рахымбаев. «Аналар үйі» әлеуметтік жобасының негізгі мақсаты – әлеуметтік жетімдіктің алдын алу болып табылады. – Осы жобаны жүзеге асыру арқылы елімізде жетімдер санын азайтуды көздейміз, – деп атап өтті Исламбек Төлеубайұлы. Оның айтуынша, қазірдің өзінде еліміздің аймақтарында жас аналарға арналған 23 орталық жұмыс істейді. Республика бойынша осындай 58 орталық ашу мақсат етілген. Оларда белгілі бір себептермен жас сәбилерінен бас тартуды шешкен әйелдер уақытша тұра алады. Қазақстандық кәсіпкерлер тағдыр ауыртпалығын арқалаған осындай аналарға қолдау көрсетуге ұмтылуда. Ол үшін әр облыс орталығында коттедждер жалға алынады, оларға тек баспана мен тамақ қана беріліп қоймайды, басына іс түскен әйелдерге психологиялық көмек көрсетіледі. Қордың бірден бір қамқоршысы Исламбек Салжановтың өзі болып табылады. Меценат еліміздің батыс өңірінде осындай орталықтар ашуға және жоба бастамашысына көмектесуге ынта білдіріп отыр. Ақтөбеде 10 анаға шақталған орталық үстіміздегі жылдың 1 ақпанынан бастап жұмыс істеуде. Мекеменің шығынын меценат кәсіпкер өз мойнына алған. Мұнда қазір бес жас ана тұрып жатыр. Үйлестіруші перзентханалармен байланыс жасап тұрады, егер қажеттілік туып жатса перинаталдық орталыққа барып, жас аналарды сәбилерін тастап кетпеуге үгіттейді, «Аналар үйінде» тұруды ұсынады. Жас аналармен бірге тәулік бойы медбике болады. – Қазір елімізде 12 мың жетім бала бар екен. Жаңа орталықта әр тәрбиеленушіге 120 мың теңге қарастырылған. Ең бастысы да, бұл емес. Осындай аналар үйін ашу арқылы жылына 600 баланы жетімдік тақсыретінен құтқару маңызды болмақ. Біз балалардың балалар үйіне жіберілуіне жол бермеуіміз керек. Олар болашақта түрлі саланың мамандары, ел азаматтары. Мұндай маңызды әлеуметтік жобаны қолдауымыз керек. Сонымен бірге, тек жетімдік мәселесін шешіп қана қоймай, нақты проблеманың себептерінің алдын алуымыз қажет, – дейді Исламбек Салжанов. Кездесуге қатысушылар әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды қолдайтындықтарын білдірді, Ақтөбеде тағы бір «Аналар үйін» ашуды ұсынды. Жақын күндерде мұндай әлеуметтік оңалту орталықтары Ақтау, Атырау және Орал қалаларында да жұмыс істейтін болады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44