Кәсіпқой бокс • 09 Ақпан, 2022

Ресми: Сәпиевтен жеңілген АҚШ боксшысы үш белдікке таласады

892 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBC, IBF тұжырымдары бойынша жартылай орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, америкалық Эррол Спенс пен WBA (super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы, кубалық Йорденис Угас өзара кездесуде үш белдікті сарапқа салады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресми: Сәпиевтен жеңілген АҚШ боксшысы үш белдікке таласады

Бұл туралы Эррол Спенстің өзі әлеуметтік желілер арқылы хабарлады. Боксшы үш белдік үшін өтетін жекпе-жек 16 сәуірге жоспарланғанын атап өтті. Бір сөзбен айтқанда екеуара кездесу Эррол Спенстің территориясында өтеді. Ол Арлингтондағы AT&T Stadium-да бұған дейін екі рет рингке көтерілген болатын.

Жалпы, Эррол Спенс әуесқой рингте жүргенде қазақстандық Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен әлем чемпионатында кездескен еді. 2011 жылы Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен жаһандық додада қазақстандық боксшы Спенсті 20:10 есебімен жеңген болатын. Қазіргі таңда тағы бір Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов дәл осы жартылай орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүр. Сәпиевтің әуесқойдағы жеңісті жолын Елеусінов кәсіпқой рингте жалғастырып та қалар...

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024