Қазақстан • 09 Ақпан, 2022

Көкшетауда Калашников автоматтары шығарыла бастайды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылға жоспарланған перспективалық қорғаныс жобалары туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Көкшетауда Калашников автоматтары шығарыла бастайды

2022 жылы отандық қорғаныс кәсіпорындары келесі жобалар бойынша жұмысты бастауды жоспарлап отыр:

  • «№405 авиажөндеу зауыты» АҚ базасында Ми-171Ш тікұшақтарын құрастыру;
  • «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС базасында Airbus ұшақтарына қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталық құру;
  • «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ базасында мемлекеттік шекараны қорғаудың техникалық құралдарын өндіру;
  • «Тыныс» АҚ, «Алма МҮ» және «Милитарм» ЖШС базасында радиациялық және химиялық қорғау құралдарын өндіру;
  • «Семей инжиниринг» АҚ базасында бронетанктік техниканы жаңғырту;
  • «Steelmanufacturing» ЖШС базасында автоматты оқ-дәрілер өндірісі;
  • «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС базасында «Барыс 8х8» броньды дөңгелекті машиналар өндірісі;
  • «Тыныс» АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтары өндірісі.

Еске сала кетсек, 19 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыруды талап етті. Мемлекет басшысы бірқатар міндеттер қойды, оның ішінде Қазақстан армиясының техникалық және жауынгерлік жарақтандырылуын жаңарту, қару-жарақ паркін толықтыру және басқалары бар.