Қысқы спорт • 09 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Қазақстандық шаңғышы Александра Троицкая мәреге жете алмады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпияда ойындарында тау шаңғысынан әйелдер арасындағы бәсеке басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжің-2022: Қазақстандық шаңғышы Александра Троицкая мәреге жете алмады

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Аталған сында Қазақстан намысын әйелдер арасында Александра Троицкая қорғады.

Өкінішке қарай жерлесіміз слаломда мәреге жетпей, жарысты аяқтады. Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиадада қазақстандық атлеттер спорттың 3 түрінен сынға түседі.

Атап айтсақ, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы және шорт-тректен спортшыларымызға жанкүйер боламыз.

Айта кетейік, Бейжің қаласындағы 2022 жылғы қысқы Олимпиадада спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ақ Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 85 жолдама бойынша сынға түсіп жатыр.