Қысқы спорт • 09 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Бас бапкерлер ақтала бастады

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий Бабенко Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында сынға түскен Дмитрий Морозовтың көрсеткішіне баға берді. Морозов 8 ақпан күні 1500 метрге жарысып, 18-ші орын алған еді. Бабенконың айтуынша, түпкі нәтижеге қарсыластың әсері тиген, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Бейжің-2022: Бас бапкерлер ақтала бастады

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

«Көрсеткіш біз ойлағандай емес. Алайда, ол өзінің ең жақсы нәтижесін тіркеді. Морозовқа қарсылас сәтсіз түсті. Ол көбіне спринтке бейім екен. Алғашқы метрлерде екпін алып, қалған бөліктерге күшін дұрыс жұмсау маңызды еді. Сондықтан, Дмитрий жолаққа шыққанда кедергі келтірмес үшін, алғашқы 300 метрде барын салды.   

Мұның әсері тиді. Әрі қарай бейімделу қиын болды. Сол себепті, соңғы айналым оған өте ауыр соқты. Егер қарсыласы ыңғайлы болғанда, Дмитрийдің нәтижесі де жақсы болар ма еді?

Өзінің алғашқы Олимпиадасы үшін ол жақсы өнер көрсетті», дейді бас бапкер.