Аймақтар • 09 Ақпан, 2022

Атырауда газ желісі ұйымына қатысты тергеу басталды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті монополиялық жоғары бағаның белгіленуіне байланысты «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС газ желісі ұйымына қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда газ желісі ұйымына қатысты тергеу басталды

Бәсекелестік жағдайын талдау нәтижелері бойынша «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС Атырау облысының географиялық шекараларында сұйытылған мұнай газын қайталама-көтерме саудада өткізу нарығында үстем жағдайға ие екендігі анықталды.

Сонымен қатар Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті аталған газ желісі ұйымының қызметіне тексеру жүргізді, оған өңірдің монополияға қарсы департаментінің маманы қатысты. Тексеру нәтижелері бойынша 2019-2021 жылдары монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталды.

«Тексеру нәтижелері негізінде Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғады, мемлекет бюджетіне монополиялық кірісті алу бойынша жұмыстар жүргізілуде», деп жазады ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

Бұл ретте монополияға қарсы департамент «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-ға қатысты тергеуді жалғастыруда, тергеу барасында 2017-2021 жылдардағы қызмет тексеріледі.