Әлем • 09 Ақпан, 2022

Колумбияда лай көшкінінен 14 адам қаза тапты

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колумбияның Рисаралда аумағында толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған көшкін кезінде 14 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Колумбияда лай көшкінінен 14 адам қаза тапты

Елдің орталық бөлігіндегі Доскебрадас және Перейра қалаларында болған көшкін салдарынан көшелер мен даңғылдарды лай басты.

«14 адам қайтыс болды, 35 адам ауруханаға жатқызылды және бір адам із-түзсіз жоғалды. Әскерилер іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесуде», деп жазылған Колумбияның табиғи апаттар қаупін басқару жөніндегі ұлттық тобы таратқан хабарламада. 

Перейра қаласының мэрі Карлос Майя биліктің табиғи апат аймақтарындағы адамдарға көмек көрсетуге тырысып жатқанын, қауіпті аймақтан халықты эвакуациялау тоқтамайтынын айтты.