Футбол • 09 Ақпан, 2022

Левандовский мансабын «Реал» сапында аяқтағысы келеді

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германиялық «Бавария» футбол клубының шабуылшысы Роберт Левандовский мюнхендік командадан кеткісі келеді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Левандовский мансабын «Реал» сапында аяқтағысы келеді

AS таратқан мәліметтерге зер салсақ, польшалық футболшы кәсіби мансабын Испанияның лигасында жалғастырғысы келетін секілді. Ол өзінің агенттеріне Мадридтің «Реалына» ауысу мәселесін қарастыруды тапсырып та қойған. Футболшы кәсіби мансабын королдік клуб сапында аяқтағысы келеді. Әйткенмен «Реал» футбол клубының басшылары дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холланды қатарына қоса алмаған жағдайда ғана Левандовскиймен келісімшарт жасасуға дайын екендіктерін мәлімдеген.