Әр халықтың Жыл басы – жаңа жылды тойлауда өз ерекшеліктері бар. Мысалы, жапон халқы жаңа жылды сакура ағашы гүлдегенде гүл шоқтарымен тойлайды.
Түркі дүниесіндегі алғашқы қарлығаштардың бірі болып біз де мерекеге гүлді нышан етіп алсақ деген ұсыныс айтқым келеді.
22 Наурыз – күн мен түн теңесетін мезгіл болып есептеледі. Самарқаның көк тасы жібиді деп те айтылады. Ендеше, сол күні келетін жаңа жыл мерекесін тек қана көктемде өмір сүруге жаралған, келген жылдың ең алғашқы перзенті тәріздес қазақ жерінде алғаш гүлдейтін – бәйшешек гүлімен қарсы алсақ деймін. Наурыз мерекесінің символы осы гүл болса.
Қазақтар бір-біріне бәйшешек гүлін сыйлап, барлық жер бәйшешекпен безендірілсе, әрі қарай ұлттық киімдермен ұлттық ойын-сауықтар ұйымдастырыла береді.
Әрине, бұл ойларды жалғастыра беруге де болады. Ең бастысы, нышан – бәйшешек гүлі болса деп ойлаймын. Ұсыныс қабыл алынып, насихатталып жатса, халық дәстүрі мен мәдениетіне қосылған үлес болар еді. Бауырлас түркі елдері де Қазақстаннан шыққан бұл бастамаға қуанып қалуы мүмкін. Бастысы, бұл мәселеде түркі әлемінде алғашқы болып жол салар едік.
Есенкүл ТӨКЕЕВА.

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше