2021 жылға дейін электр энергиясын тұтыну 2%-ға артты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 6%-дан асты. Үкімет басшысының айтуынша, мұндай елеулі өсім – көлеңкелі майнингтің салдары.
Елде электр энергиясы тапшылығының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ қызметтің аталған түрін көлеңкелі сектордан шығару мақсатында Үкімет басшысы тиісті министрліктерге осы қызметті заңнамалық түрде реттеу, оның ішінде лицензиялауды енгізу қажеттігіне байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Қазіргі уақытта майнинг мәселелері бойынша заңнамаға қажетті түзетулер әзірленіп жатыр.