Оқиға • 10 Ақпан, 2022

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары ұсталды

1055 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірқатар қылмыстық топ басшылары мен қатысушылары жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысуына байланысты жауапқа тартылуда, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары ұсталды

Фото: polisia.kz

Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері аумақтық бөлімшелердің қатысуымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларын ұстады және жауапкершілікке тартты.

Жүргізілген арнайы операциялардың нәтижесінде ұсталғандардан екі «Калашников» автоматы, төрт «ПМ» тапаншасы, төрт «Глок» тапаншасы, револьвер, «ТТ» тапаншасы, помпалық мылтық, автоматты мылтық, «Сайга-410» тегіс ұңғылы карабині, «Оса» травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранаты және әртүрлі калибрлі 130 бірліктен астам оқ-дәрілер тәркіленді.

Барлық ұсталғандарға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.