Кәсіпқой бокс • 10 Ақпан, 2022

Головкин қай кезде де ұлы боксшы болып қалады – Давид Бенавидес

627 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Бенавидес Геннадий Головкин қай кезде де Сауль Альвареске лайықты қарсылас болатынына сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Головкин қай кезде де ұлы боксшы болып қалады – Давид Бенавидес

«Мен Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альварес үшін әлі де қауіпті қарсылас екеніне сенімдімін. Геннадий Головкинді есептен шығарып тастағысы келетіндерді түсінбеймін. Ол «Канелоға» қарсы рингте 24 раунд өткізді. Екі кездесу де нағыз шайқас болды. Енді келіп оны үшінші жекпе-жекте біржақты жеңіледі деу – бос сөз. Бір анығы, Геннадий Головкин қай кезде де ұлы боксшы болып қала береді. Оның тәжірибесі, шеберлігі, қайталанбас күші кез келген қарсылас үшін мәселе туындатады. Сондықтан мен Альварес-Головкин трилогиясын қуана тамашалаймын», деді боксшы Fighthype-қа берген сұхбатында.