Тағайындау • 10 Ақпан, 2022

Елордада екі ауданның әкімі ауысты

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Нұр-Сұлтанда меритократия қағидаты бойынша Сарыарқа және Есіл аудандарының әкімдері тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада екі ауданның әкімі ауысты

Сарыарқа ауданының әкімі болып Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі Жүсіп Жұмағұлов тағайындалды.

Еңбек жолын елорданың Инвестициялар және даму басқармасының маманынан бастаған.

2016-2019 жылдары «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысының орынбасары, елорданың қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Тағайындалғанға дейін 2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Есіл ауданының әкімі болып Асылбек Есенбаев тағайындалды.

апе

Ол өз еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Әр жылдары елорда әкімдігінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде, ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде қызмет атқарған.

2019 жылдан 2021 жылдың наурыз айына дейін Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2021 жылдың сәуір айынан бастап - «Рухани жаңғыру» КИОР» КЕАҚ Басқарма төрағасы болған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында аудан әкімдерінің алдына аудандар мен тұрғын үй алаптарын дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылды», деп хабарлады әкімдік.

Еске сала кетсек, Сарыарқа ауданының бұрынғы әкімі Есет Байкен мен Есіл ауданының бұрынғы әкімі Берік Жәкенов елорда әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды.