Президент • 10 Ақпан, 2022

Мемлекет басшысы Мәскеудегі келіссөздер жайлы пікір білдірді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен келіссөздерден кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Мәскеудегі келіссөздер жайлы пікір білдірді

«Мен Ресей Федерациясының Президентіне Мәскеуге ресми сапармен келуге шақырғаны үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Біз қол жеткізілген келісімдермен ұзақ келіссөздерді аяқтадық, бұл туралы құрметті Владимир Владимирович Путин хабарлаған болатын. Келіссөздер өте мазмұнды болды, қызықты деп те айтар едім. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, осы келіссөздер өткендігіне ризашылығымды білдіргім келеді»,  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің айтуынша, биылғы жыл қос мемлекет үшін маңызды жыл болмақ.

«Біз елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын тойлаймыз. Осы уақыт ішінде достық беріктігіне, тарихтың ортақтығына, біздің халықтарымыздың менталдық жақындығына сүйене отырып, біз шын мәнінде үлгілі мемлекетаралық ынтымақтастықты орнаттық. Қарқынды саяси диалогтың арқасында барлық бағыттар бойынша әсерлі табыстарға қол жеткіздік. Біздің әлемдегі ең ұзын құрлықтағы шекарамыз бүкіл халықаралық қоғамдастыққа нағыз үлгілі тату көршіліктің, сенімді ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі болып табылады», деді Мемлекет басшысы.