Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

1037 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжіңде өтіп жатқан Олимпия ойындарында қазақстандықтардың бүгінгі жарыстарын қазақстандық үш телеарна тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжің-2022: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Фото: olympic.kz

Нақтырақ айта кетсек, жанкүйерлер әйелдер арасындағы биатлоннан спирнттің финалын «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан тамашалай алады.

Ал шорт-тректен 500 метр қашықтықтан өтетін доданы «Qazsport» арнасынан тамашалауға болады.

Сондай-ақ шаңғы жарыстарын ерлер арасындағы 15 км жарысы мен шаңғыдан тұғырдан секіру бәсекесін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Телеарналар жарысты мына уақыттарда көрсетеді:

«Qazaqstan» арнасы: 14:50 Биатлон. Спринт. Әйелдер. Финал - Галина Вишневская-Шепоренко;

«Qazsport» арнасы: 17:50 Шорт-трек. Финал. Ерлер - 500 м, 5000 м - Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов;

«Хабар» арнасы: 12:50 Шаңғы жарысы. Ерлер. 15 км - Виталий Пухкало мен Евгений Величко;

15:40 Шаңғымен тұғырдан секіру. Ерлер. Іріктеу - Данил Васильев пен Сергей Ткаченко.