Экономика • 11 Ақпан, 2022

«Атамекен» ҰКП кезектен тыс съезі өтеді

658 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы 18 ақпанда кезектен тыс ІХ съезі өтетінін мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

«Атамекен» ҰКП кезектен тыс съезі өтеді

Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі мәлімет таратты. «Кезектен тыс съезді өткізу туралы шешімді «Атамекен» ҰКП төралқа мүшелері шығарды. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралады», деп жазылған палата таратқан хабарламада.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІХ съезінде мынадай мәселелер қаралмақ:

  • ҰКП басқару органдарының кейбір мәселесі;
  • ҰКП қызметін реформалау;
  • Кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері;
  • Басқа да мəселелер.