«Осы кезеңде куәландыру үшін мекемеге 2300 азамат жеткізілді, оның 1037-сі орналастырылды. Қаланың әлеуметтік бейімдеу орталығына нақты тұрғылықты жері жоқ 69 адам жеткізіліп, оның ішінде 27 адам орналастырылды. Сонымен қатар, қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде», деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы ПД Полк командирінің орынбасары Марат Бейсембаев.
2022 жылдың 1 айының қорытындысы бойынша Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 25 қылмысты ашқан. Оның ішінде 2 кісі өлтіру, 3 адам өлтіруге оқталу, 10 ұрлық және өзге де тәртіп бұзушылықтар.
«Қаңтар айында ПП полкінің жеке құрамы 5 мыңға жуық жол ережесін бұзудың жолын кесті. 68 мас жүргізуші ұсталды, жол ережесін бұзған 489 жаяу жүргінші анықталды, 251 көлік айып тұрағына қойылды», деді Марат Бейсембаев.