Оқиға • 11 Ақпан, 2022

Семей тұрғыны өртенген үйден туысын құтқарып қалды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде ер адам өртенген үйден туысын құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семей тұрғыны өртенген үйден туысын құтқарып қалды

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семей қаласында жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Қызыл жалын кіреберістің ағаш құрылымдарын, терезе мен есік блогын және жиһазды шарпыды.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін үй иесінің сол маңда тұратын туысы Андрей Матвеев өртті байқап қалып көмекке ұмтылған. Көк түтінге оранған үйден 1954 жылғы ер адам шыға алмай қалды. Сол кезде Андрей терезені шағып, ішке кірген. Еденде жатқан үй иесін тауып, оны сыртқа алып шықты», делінген ақпаратта.

Зардап шегуші жедел жәрдем дәрігерлерінің тексеруінен кейін үйде қалдырылды. Көп ұзамай өрт сөндірушілер жалпы ауданы 15 шаршы метрге жеткен тілсіз жауды ауыздықтады.

Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығу себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау.