Қазақстан • 11 Ақпан, 2022

Еліміздің көрнекті қайраткерлері марапатталды

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет саласына зор үлес қосқан қайраткерлерге мемлекеттік стипендияларды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Еліміздің көрнекті қайраткерлері марапатталды

Аталған стипендиялар жыл сайын Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің мәдени саласын сақтауға және дамытуға үлес қосқан шығармашыл қызметкерлерді қолдау мақсатында беріледі.

Биыл мемлекеттік стипендия әдебиет пен өнердің 74 қайраткеріне тағайындалды. Стипендияға ие болғандар қатарында

Олжас Сүлейменов, Дулат Исабеков, Софы Сматаев, Асанәлі Әшімов, Ақұштап Бақтыгереева, Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Досанов, Бибігүл Төлегенова, Юрий Померанцев, Досхан Жолжаксынов және т.б. майталмандар бар. Сонымен қатар, Рухия Байдүкенова, Бейбіт Сарыбай, Саида Қалықова, Ержан Максим, Наурыз Ернат, Темірлан Олжабай секілді жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Министр салтанатты рәсімді аша отырып, марапат иелерін шын жүректен құттықтап, Мемлекеттік стипендияларды тапсыру - олардың отандық мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесін мойындау екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, министр биыл еліміз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын, Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығын, Әзілхан Нұршайықов пен Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойларын атап өтетіндігін еске салды.

Кездесу соңында Дәурен Абаев рәсімге қатысушыларға шығармашылық табыс және отбасылық бақыт тіледі.

п

впк