Қоғам • 11 Ақпан, 2022

Қарапайым мұғалім өз кәсібін қалай бастады?

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отбасылық жағдайына байланысты мектепте сабақ беруге мүмкіндігі болмаған Алматы облысының тұрғыны Гүлбану Жасыбаева ауылдық бастамаларға арналған шағын грант есебінен ателье ашып, екі ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр, деп жазады Egemen.kz

Қарапайым мұғалім өз кәсібін қалай бастады?

«Берекелі әйел» жобасы туралы естіген Гүлбану Жасыбаева кәсіпкерлік саласындағы қыр-сырды меңгеріп, дамуға бел байлаған.

Нәтижесінде жоба аясында бизнес-жоспар құруды үйреніп, кәсіпкерлерге бөлінетін шағын гранттардан хабардар болады.

Жастайынан қолөнер бұйымдарын жасауға бейім Гүлбану осы қабілетін кәсіпке айналдырып, ауылдастарымен бірге көрпе жабдықтарын, сүлгі секілді бұйымдарды тігіп кәсібін бастаған.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұсынатын шағын гранттар конкурсында да жеңімпаз атанып, үй жанынан ателье ашып, екі шебер қыз-келіншекті жұмыспен қамтып отқан ол ауылдастарынан кеңесін аямайды.

«Достық ауылы тұрғындарының WhatsApp-та ортақ чаты бар. Мен ауылдастарыма үнемі байқауларға қатысуға, көптеген мемлекеттік гранттарға ие болуға кеңес беремін. Қызығушылық танытқандардың барлығына өтінімді қалай дұрыс толтыру керектігін, неге назар аудару керектігін айтамын. Даму жолдарын іздеу керек, қолды қусырып отырудың жөні жоқ», дейді Гүлбану Жасыбаева.