Қоғам • 11 Ақпан, 2022

Бақтияр Артаев енді Бокс федерациясында қызмет атқармайды

602 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бақтияр Артаев ҚР Бокс федерациясының вице-президенттігінен және мемлекеттік жаттықтырушы қызметінен кетті. Ақпаратты боксшының өзі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақтияр Артаев енді Бокс федерациясында қызмет атқармайды

«Қызметтен кетіп жатқанымды растаймын. Бірақ себебі туралы әзірге ештеңе айта алмаймын», деді спорт менеджері.

Айта кетейік, Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев соңғы бір жарым жыл Қазақстан бокс құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы қызметін атқарып келді.