Оқиға • 11 Ақпан, 2022

Атырауда денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қамалды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат Нудин қамауға алынды, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қамалды

Аймақтық экономикалық тергеу департаменті денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат Нудинді қамауға алды.

Ақпаратты тиісті басқарманың баспасөз қызметі растады.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Нұрқуат Нудинге тағылған айып медицина ведомоствосына қатысы жоқ екенін жеткізді.

Осы орайда айта кетейік шенеунік бұрын облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы қызметін 2021 жылдың 1 сәуірінен бастаған.

Оған ҚР ҚК-нің уақытша бөтеннің мүлкін иемденгені немесе ысырап еткені үшін жазаны көздейтін бабы бойынша айып тағылды..