Аймақтар • 12 Ақпан, 2022

Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданының белсенділерімен кездесті

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қордаланған мәселелерді шешу үшін Әл-Фараби ауданының белсенділерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданының белсенділерімен кездесті

Тұрғындар кәріз жүйесі, жол, жарықтандыру, абаттандыру секілді мәселелерді қозғады.

Бүгінгі кездесу барысында Сәуле шағын ауданында гүлзар салынатыны белгілі болды. Шағын ауданда 2,5 гектар жерге гүлзар салу мақсатында ЖСҚ әзірленуде. Ал, Наурыз шағын ауданындағы кәріз жүйесінен кейінгі қазылған жолды асфальттау мәселесі биыл шешіледі.

1

Текесу тұрғындары асфальт жол, ауыз су мәселесімен келген. Шаһар басшысы осы жылға 3 көшеге (Көлді, Ақсай көшелері) ұзындығы 1,6 шақырым асфальт төсеуге ұсыныс берілгенін, ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірленіп, бюджетке ұсынылғанын айтты.

195 орамдағы көшелерге асфальт төсеп беруді сұраған тұрғынға – биыл Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы, атауы жоқ көше №1, Қарағанды көшелеріне жалпы ұзындығы асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Ақтас елді мекенінде ауыз су бойынша абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда ауыз сумен қатар табиғи газ мәселесі де жыл соңына дейін шешімін табады.

М.Әйтенов осындай кездесулер кезінде бірінші кезектегі шешілуі тиіс мәселені ашық талқылап, жұмысты бірлесе жүргізудің артықшылығына тоқталды. Елді мекеннің атынан жауапкершілік арқалап келген белсенділерге алғысын білдірді.