Аймақтар • 12 Ақпан, 2022

Қару-жарақ дүкенін тонағандар құрықталды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының полицейлері «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонаған үш азаматты құрықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қару-жарақ дүкенін тонағандар құрықталды

Күдіктілерден бес мылтық тәркіленген. Қалалық криминалдық полиция келтірген деректерге зер салсақ, екі күдікті Алматы облысының, тағы бірі Жамбыл облысының ілгеріде тонау дерегі бойынша сотты болған тұрғындары екен.

«Олар 22-24 жастағы азаматтар. Алматы облысына қарасты Қарасай ауданы аумағында арнайы іс-шара барысында күдіктілердің екеуі ұсталды, тағы бірі Алматыдағы Достық даңғылындағы сауда үйінде қолға түсті. Күдіктілер қамауға алынған. Ұсталғандардың басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғы тексерілу үстінде», дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.