
«Мен үшін мұндай шайқас оңай ақша табудың жолы екені рас. Исраэл Адесаньямен жолымыз түйіссе мен оны бірінші раундта жеңемін. Оған ешқандай күмәнім жоқ», деп жазды Хамзат Чимаев твиттерде. Хамзат мұндай мәлімдеме жасағанымен, екі спортшының әртүрлі салмақта бақ сынайтынын ұмытпаған жөн. Кім біледі, мүмкіндік туып жатса, болашақта Чимаев орта салмаққа ауысқысы келетін де шығар...