Қоғам • 14 Ақпан, 2022

180 отбасы пәтерлі болды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында 180 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегінде тұрған «Отбасы банк» салымшылары бас­паналы болды.

180 отбасы пәтерлі болды

Жаңа үй Орал қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен бой көтерген. Өңірге белгілі «Болашақ-Т» құрылыс компаниясы тұрғызған 9 қабатты үйдің жалпы аумағы – 15105,01 шаршы метр.

«Нұрлы жер» мем­ле­кеттік бағдарламасы аясында қазақстандықтар жыл сайын жаңа баспанаға ие болып келеді. Мемлекет бас­шысының тікелей тапсырмасы – халықтың әл-ауқатын, тұр­мыстық жағдайын жақ­сарту. Бүгінде өңірде бас­пана мәселесін шешу жо­лын­да барлық жұмыс ат­қарылуда. Бүгін тапсырылып отырған тұрғын үй – мемлекеттік бағдарлама аясында халық игілігіне беріліп жатқан бесінші үй. Алдағы уақытта осы шағын ауданда жаңа орталықтар, спорт кешендері салынады. Қоғам­дық көлік мәселесін де оңтайландырамыз. Басты мақсат – тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, қолай­лы өмір сүруге жағдай жасау, – деді қала әкімі Абат Шыныбеков тұрғындарға пәтер кілтін тапсыру сәтінде.

Жаңа пәтер иелерін «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Ринат Кусманов та құттықтап, жаңа пәтер иелеріне бақ-береке тіледі.

14 жыл бойы тұрғын үй кезегінде тұрып, мемлекет­тік бағдарлама аясында екі бөлмелі пәтерге қол жеткізген Райхан Бектемірова соңғы кезде мемлекетімізде халық игілігі үшін көп іс жасалып жатқанын айтып, ризашылық сезімін білдірді.

Әкімдік баспасөз қыз­меті­нің хабарлауынша, соңғы он жыл ішінде Орал қала­сында мемлекеттік бағ­дар­ламалар аясында 67 көп­пәтерлі тұрғын үй пайда­лануға берілген.

 

Батыс Қазақстан облысы