Аймақтар • 14 Ақпан, 2022

Үшем дүниеге келді

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында жетісулықтар саны бірден үш адамға көбейген болатын. Алма­тыдағы көпсалалы клиникалық ауруха­нада үшем дүниеге келді. Осы­лай­ша, Панфилов ауданында тұра­тын Тайиповтар отбасының тұңғыш қуанышы еселенді.

Үшем дүниеге келді

29 жастағы жас ана Гунчигул Мухамет екі қыз және бір ұл бала босанды. Қос қыз­дың салмағы 2 145 грамнан болса, ұл 2 050 грамм салмақпен туылыпты.

– Үшемдерді жүктіліктің 34-аптасында кесарь тілігі арқылы босандырдық. Шақалақтардың жағдайы дұрысталғанша ерекше бақылауда болды. Ана мен бала перзентханада екі апта жатты. Қазір үшем­дердің де, анасының да жағдайы бірқа­лыпты. Оларды үйлеріне шығардық, – дейді Алматыдағы облыстық көпсалалы кли­ни­калық аурухана директоры Элмира Ахметова.

 Енді Тайиповтар отбасының тұңғыштары – үшемнің амандығына Панфилов аудандық орталық ауруханасының дәргерлері жауапты болмақ. Яғни үшемдердің күтіміне орта медицина қызметкерлері көмек көрсетеді. Учаскелік дәрігер балалардың денсаулығын бақылауда ұстаса, үшемдерді аурухана арнайы тамақпен қамтамасыз етпек.

Айтпақшы, Алматы облысында бала туу көрсеткіші жыл сайын артып келеді екен. Оның ішінде егіздердің саны өсіпті. Мысалы, былтыр өмір есігін ашқан сәбилердің арасында 355 егіз бар екен. Ал облыста өткен жылы 2 үшем жарық дүниеге келген болатын.

 

Алматы облысы