25 Наурыз, 2014

Өліарада жасалған ерлік

267 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Документ 001-180-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында ядролық қарусыздану жөнінде басталған істің барлығына куә болғанмын. Соның ең бастысы – ядролық қарудан бас тарту, Семей полигонын жабу мәселесі. Барлығы да халықтан жасырын, құпия ұсталған Кеңес Одағында жерімізде жыл сайынғы бомба жарылысының ұрпақ үшін қаншалықты зиян екендігін екінің бірі сезіне алмады. Расында, барлығы да жасырын, құпия ұсталды. Бізде өте алысқа ұшатын оқтұмсықтар мен сутегі бомбасына дейін тұрды. Қандай мәселеде болса да Мәскеуден басқарылған уақытта бас изеуден өзге ешқандай ашық қарсылық болмайтын. Сондықтан, кейбір беделді азаматтарымыз бен қайраткерлеріміз үшін поли­гонның жабылуы, ядролық қару­дан бас тарту ақылға сыймайтындай көрініп, оған қарсы пікір айтқаны да есімізде. Бірақ «айды етекпен жауып болмайды» дегендей, Семей полигонындағы қырық жылғы ядролық сынақтың адамға қаншалықты қасірет әкелгендігін сол өңірдегі елді мекендерде кеміс туған балалар, қатерлі ісік ауруларының күрт көбеюі де айтып бергендей еді. Олжас Сүлейменовтің жетекшілігімен Семей полигонындағы сынақты тоқтатуды талап еткен «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысы жұмысты бастады. Өліара уақытта «ядролық қаруды ұстап қаламыз ба, әлде бас тарту керек пе?» деген мә­селе тұрды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сонда ерлікке пара - пар шешім жасады. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлы ой таразысына сала отырып, ядролық қаруды сақтағаннан табатын олжамыздың жоқ екенін білді. Біздің елде қанша оқтұмсық тұрса, сырттан оған қарсы сонша оқтұмсық бағытталар еді. Жас тәуелсіз еліміз болашаққа қадамын бейбітшілік жолмен жасасын деп түйді. Елбасы батыл шешімге бармас бұрын АҚШ, Англия, Франция, Германия, Ресей секілді дамыған елдерден болашақ қауіпсіздігіміз туралы кепілдік алды. Бұл да өте керек нәрсе еді. Әлем елдері мен белгілі ға­лымдар, әйгілі қоғам қайрат­керлері ядролық қару адамзатты тығырыққа тірейтінін жиі көтеріп отыр. ХХ ғасырда қарыш­тап дамыған техникалық прогресс жетістіктерінің бірегейі – ядролық қару адамзаттың өзіне қарсы шықты. Мұны бір кеменің үстіндегі әлем жұрты біліп отыр. Осыдан бірер жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мун сынақ өткен жерді, ядролық қарудың жойылғанын өзі келіп көріп кетті. Әлемге қарусыз-ақ, елдің экономикасын дамыту, әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы да танылуға, өзін мойындатуға болатынын Назарбаев дәлелдеді. Кенжебек ҮКИН, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы. ҚОСТАНАЙ.