Қысқы спорт • 14 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Бүгін ел намысын екі спортшы қорғайды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қысқы Олимпиада ойындарының оныншы күнінде қазақстандықтар шаңғы акробатикасынан бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжің-2022: Бүгін ел намысын екі спортшы қорғайды

Әйелдер арасындағы акробатика жарысының екі іріктеуі мен финалы бір күнде өтеді. Кеше ауа райының нашарлауына байланысты жарыс бүгінге шегерілген. Бүгін шаңғы акробатикасынан Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмырзаева жарыс жолына шығады. 

Фристайл

13:00 Шаңғы акробатикасы. Бірінші мүмкіндік. Әйелдер
14:30 Шаңғы акробатикасы. Екінші мүмкіндік. Әйелдер
17:00 Шаңғы акробатикасы. Финал. Әйелдер

Қайдан көруге болады:

Qazaqstan 16:55 (шаңғы жарысы)